Қарағанды тұрғыны дәрігерлерді ұрып-соқққан

Қарағанды облысында медицина қызметкерлеріне күш қолданған ер адамға қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Sadaq.kz Polisia.kz-ке сілтеме жасап.
Дене жарақатын салған Оқиға 12 маусым күні облыстық балалар ауруханасында болған. Алдын ала мәлімет бойынша 38 жастағы облыс тұрғыны екі дәрігермен ерегесіп қалып, оларға дене жарақатын салған.
«Күдікті оқиға орнында ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды», - деп жазылған хабарламада.
Аталған факт бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға бағытталған қажетті тергеу шаралары жүргізіліп жатыр.
Полиция заңсыз әрекетке барғандар міндетті түрде жазаланатынын ескертті. Әсіресе медицина қызметкерлеріне күш қолдану қоғамдық тәртіпті өрескел бұзу болып саналады. Ондай қылмыстардың дереу жолы кесіледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?






