Қарағандыда балалар жерде құлап жатқан адамның жағасына петарда тастаған

Желтоқсан 10, 2025 - 16:48
 0  2
Қарағандыда балалар жерде құлап жатқан адамның жағасына петарда тастаған
Фото: ғаламтордан

Қарағандыда жасөспірімдер жерде құлап жатқан адамның мойнына жарылғыз зат (петарда) салып жіберген, деп жазады Sadaq.kz.

Куәгерлер балалар жерде жатқан адамды байқап, оған көмектеседі деп ойлаған. Алайда балалардың ойы басқа болып шықты.

Полиция аталған фактіні тіркеді. Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметінің мәліметінше, оқиға туралы ақпарат әлеуметтік желілерді мониторингтеу барысында анықталған.

«7 желтоқсанда кәмелетке толмаған балалар тобы жерде жатқан азаматтың үстіне петарда лақтырған. Бұл факт дереу тіркелді. Қазіргі уақытта оқиғаға қатысы бар барлық тұлғалар - жәбірленуші де, кәмелетке толмағандар да анықталып жатыр»,-делінген хабарламада.

Кәмелетке толмағандардың құқыққа қайшы әрекеттері үшін олардың ата-аналары немесе заңды өкілдері заңнамаға сәйкес жауапкершілікке тартылады.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0