Қарағандыда ойын кезінде хоккейші көз жұмды

Ақпан 2, 2026 - 21:49
 0  1
Қарағандыда ойын кезінде хоккейші көз жұмды
Фото: Видеодан скрин

Қарағанды қаласында өткен матч барысында «СКА-Приозерск» командасының хоккейшісі кенеттен көз жұмды, деп хабарлайды  Sadaq.kz.

Матч бастала салысымен ойыншының жағдайы күрт нашарлаған. Лига координаторларының бірі журналистерге оқиғаның мән-жайын баяндап берді. Оның айтуынша, хоккейшіге дереу көмек көрсетуге тырысқанымен, өмірін сақтап қалу мүмкін болмаған.

"Ол 46 жаста еді. Ойын алдындағы амандасу сәтінде кенеттен құлап түсті. Жағдайы күрт нашарлап кетті. Алдымен дәрі қобдишасымен көмек көрсеттік, кейін дәрігерлер келді, жедел жәрдем жетті. Бірақ құтқара алмады. Бұл жай ғана жұмыстан кейін жиналып, хоккей ойнаған ер адамдар болатын. Ол іссапармен келген, бұл өңірдің тумасы емес. Сол кезде жұмыс орнында жүрген",– деді лига координаторы.

«Ер адам құлағаннан кейін бірден қайтыс болған. “Жедел жәрдем” келген кезде оның көз жұмғанын растады», — деп жариялады Қарағанды облысы денсаулық сақтау басқармасы.

Хоккейшінің нақты неден көз жұмғаны әзірге белгісіз. 

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0