«Қарапайым жұмысшылар зардап шекті»: Депутат Мұрат Әбенов еңбек кодексіндегі мәселелерді көтерді

Наурыз 18, 2026 - 17:30
app_badging Наурыз 18, 2026 - 17:31
chat_bubble  0 visibility  2
«Қарапайым жұмысшылар зардап шекті»: Депутат Мұрат Әбенов еңбек кодексіндегі мәселелерді  көтерді
Фото: Мәжіліс

Мәжіліс депутаты Мұрат Әбенов қызметерлердің  құқығын қорғау және еңбек кодексі бойынша мәселе көтерді, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Депутаттың сөзінше, елде көп жылдар бойы бизнесті қолдауға басымдық беріліп, қарапайым қызметкерлердің құқығы шетте қалған. Соның салдарынан 3 миллионнан астам азамат өзін-өзі жұмыспен қамтушы болып жүріп, кейін кәсіпкерлердің мәжбүрлеуімен жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге мәжбүр болған.

«Бизнеске жағдай жасалды, тексеріс болмады, несиелері кешірілді, ақыры қарапайым жұмысшылар зардап шекті. Кәсіпкерлер жұмысшыларды еңбек келісімшартының орнына азаматтық-құқықтық келісіммен жалдауды әдетке айналдырды. Осы арқылы олар қызметкерлердің зейнетақы, медициналық сақтандыру, еңбек демалысы шығындарын үнемдеп отыр. Тіпті мектептер мен балабақшаларда мұғалімдер мен тәрбиешілерді жаз мезгілінде жұмыстан шығарып, күзде қайта қабылдау тәжірибесі белең алған», – деді Әбенов.

Мәжілісмен сондай-ақ бизнес өкілдерінің тіпті еден жуушыларды да жеке кәсіпкер ретінде тіркелуге итермелеп отырғанына наразы. Мұндай тәжірибе, депутаттың пікірінше, мемлекеттік қорғаудан айырып, жұмысшыларды жалған кәсіпкерлік серіктестерге айналдырады.

Мұрат Әбенов жаңа Конституция осы келеңсіздіктерге тосқауыл болуы тиіс деп санайды. Өйткені енді негізгі заңда әр қызметкердің құқығы еңбек келісімшартының бар-жоғына қарамай қорғалатыны, ал түнгі және артық сағаттағы жұмыс үшін екі еселенген төлем қарастырылатыны жазылған.

Депутат Әбеновтің дерегінше, бүгінгі таңда елдегі 1,5 миллион адамның есепшоты қарыз кесірінен бұғатталған. Соның ішінде 900 мың азамат шетелге шыға алмайды және банктегі шотынан ақшасын, дәрі-дәрмек те сатып ала алмайды. Соның кесірінен жұмысқа орналасуы мәселесі қиындап отыр. Әсіресе, нотариустардың азаматты қатыстырмай-ақ, оның қарызын сотсыз өндіріп алуына мүмкіндік беретін заң нормасы жұртшылықтың наразылығын туғызған.

«Әлемнің ешбір елінде мұндай тәжірибе жоқ. Нотариус адамның қатысуынсыз, оның қарыз екені жөнінде шешім шығарып тастайды. Артынша жеке сот орындаушылары есепшоттарды жауып, азаматтардың құқықтары жаппай тапталып жатыр. Сондықтан біз еңбек заңнамасына жалақының белгілі бір бөлігін қолма-қол беру құқығын енгізуді ұсындық», – деді депутат.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0