«Қашып шықтым»: Ақтауда ер адам анасының сөзінен кейін әйелінің қолын сындырған

Қыркүйек 11, 2026 - 12:36
app_badging Қыркүйек 11, 2026 - 12:39
chat_bubble  0 visibility  17
«Қашып шықтым»: Ақтауда ер адам анасының сөзінен кейін әйелінің қолын сындырған
Фото: pixabay

Ақтауда төрт баланың анасы күйеуінің соққыға жығып, қолын сындырғанын айтып, көмек сұраған, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Бұл туралы адвокат Ләззат Рақышева әлеуметтік желідегі парақшасында жазды.  Әйелдің айтуынша, жанжал 8 қыркүйекте болған. Күйеуі  үйге қатты мас күйде келген. Сол күні енесі оны күйеуіне жамандағаннан кейін ер адам әйелін тұншықтыра бастаған.

«Өлетін шығармын деп ойладым. Қолын тістеп, қашып шықтым. Бірақ артымнан келіп, асүйде ұрып, тепкіледі», – деген әйел.

Оқиға салдарынан оның қолы сынған. Қазір төрт баланың анасы ауруханада ем қабылдап жатыр. Әйел полицияға арыз жазып, күйеуімен ажырасуға және төрт баласына алимент өндіруге ниетті екенін айтқан. Балалары қазір анасының қарауында.

Адвокаттың мәліметінше, әйел оқиғадан кейін көмек сұрап, тиісті орталыққа жүгінген. Оған заңгерлік кеңес беріліп, жағдай туралы Ақтау қаласының полициясына хабарланған. Полиция әйелдің арызын тіркеп, сот-медициналық сараптама тағайындаған.

Ләззат Рақышева істің мән-жайы толық анықталып, әйелдің денсаулығына келтірілген зиянға құқықтық баға берілуі қажет екенін атап өтті.

Адвокаттың жазбасында бұл жағдай ҚР Қылмыстық кодексінің 107-бабы 2-бөлігінің 3-тармағы бойынша қаралуы мүмкін екені көрсетілген.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0