«Қасым-Жомарт Тоқаевты сағындым»: Астаналық бүлдіршіннің әрекеті көпшілікті сүйсінтті (ВИДЕО)
Әлеуметтік желіде тараған астаналық Әміре есімді бүлдіршіннің бейнежазбасы көпшілікті тәнті етті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Анасы Әміренің видеосын өзінің әлеуметтік желідегі парақшасына жүктеген.
"Мама, біз Қасым-Жомарт Тоқаевқа барамыз ба? Қасым-Жомарт Тоқаевты сағындым. Оның бетінен сүйемін, қасында отырғым келеді", – деді бейнежазбада.
Бұл өтінішін жерге қалдырмаған анасы оны LRT-ға отырғызып, Ақорданы көрсеткен.
"Қасым-Жомарт Тоқаевтың жұмысына барамыз. Қасынан өтеміз", –деді анасы.
LRT-ға отырып, Ақорданы көрген балақай бірден еліміздің әнұранын орындай кетті. Бірақ Президентті көре алмағанына мұңайып, жылап қалды.
Желі қолданушылары кішкентай Әміреге тілектерін жазып, кіршіксіз көңілі үшін риза болды.
"Арманың орындалсын", "Президент сені кездесуге шақырады", "Кездессе екен", "Патриот бала", "Жарайсың", – деп жазды көпшілік.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0