Кәсіпкер Сырымбек Тау депозитке салық салу мәселесін көтерді

Белгілі кәсіпкер Қазақстандағы депозиттерден салық алынбайтынын сынға алып, бұл жүйені қайта қарау қажеттігін айтты.
Кәсіпкердің негізгі уәждері:
«Бизнес таза пайданың 20%-ын салық ретінде төлейді, ал депозиттен алынбайды»
«Әлем бойынша депозиттен салық алынады, бізде бұл жүйе реттелмеген»
«Отбасылық банк депозитіне салық салмауға болады, бірақ басқа депозиттерге қарау керек»
«Халықтың депозиті ұлттық қордан аспауы керек, бізде бұл көрсеткіш шектен шықты»
Депозиттердің экономикаға әсері:
Қазақстандағы депозит көлемі – 36 трлн теңге
Орташа пайыздық мөлшерлеме – 13-17%
15% есептегенде, халық жылына 5-6 трлн теңге табыс табады
Егер таза пайданың 20%-ы салық ретінде алынса, мемлекетке жылына 1,5-2 трлн теңге түсер еді
«Неге біз бұл туралы айтпаймыз? Неге тек қосымша құн салығына назар аударамыз?», – деп сұрақ қойды кәсіпкер.
Todayinfo
Сіздің реакцияңыз қандай?






