«Қасақана қастандықпен өлтірдім»: Сұлтан Сәрсемәлиев қанды қылмысқа бару себебін айтты (ВИДЕО)
Жангелдиндегі қанды қылмыс бойынша күдікті Сұлтан Сәрсемәлиев алғашқы сот отырысында кінәсін мойындап, жантүршігерлік қылмысқа бару себебін айтты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Ол өз сөзінде өлім жазасына, өмір бойы түрмеде отыруға, кез-келген ауыр жазаны өтеуге дайын екенін жеткізді.
«Барлық қылмыстың басты себебі – отбасыммен ажырастыруға жасалған әрекеттеріне қасақана қастандықпен жауап бердім. Әйеліммен 10 жыл тату тұрдық. Әу бастан арамызда келіспеушілік болғанда бес балам болмаушы еді. 10 жыл бірге тұрмаушы едік. Тек әйелімнің үй-іші отбасыма шектен тыс, жөн-жосықсыз араласып, әйеліммен ажырастырды. Сонда да бөлінгіміз келмей бірге тұра бердік. Қайта-қайта қоқан-лоқы көрсетіп, отбасыма араласуларын тоқтатқан жоқ. Осы қылмыстың барлығы әйелімді менен тартып алып, бес баламды саған да, әке шешеңе де жоқ деп сағындырып, өз балаларыммен бопсалау арқылы осы қылмысқа итермеледі. Адам төзгісіз ар-намысыма тиді. Мен соңғы уақытқа дейін отбасымды толық сақтап қалуға әрекеттер жасадым. Балаларымды анасынан да, әкесінен де, кішкентай кезінен бағып өсірген әжесінен де айырғым келген жоқ. Соңғы сәтте отбасымды сақтап қаламын деген барлық айла-тәсілім таусылып, шаршадым. Тіпті олардың іс-әрекеттері, сөзі мені ақылымнан алжастырып, жүйкемді жұқартып, адами болмысымды күйретіп жіберді. Сондықтан осындай қылмысқа бардым», – деп мойындады Сұлтан Сәрсемәлиев.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
1
Қайғылы
0
Жарайсың
0