«Қатындардың құтырғаны жақсы болды»: Блогер белгілі ақынның пікіріне қарсы шықты
Әзілкеш, жүргізуші, блогер Нұрмақан Мұқанұлы ақын Бақыт Беделханның әйелдер жайлы айтқан пікіріне қарсы шықты, деп хабарлайды sadaq.kz.
Желі белсендісі Нұрмақан Мұқанұлы әйелдердің қоғамдағы рөлін айта кеткен.
"Қатындардың құтырғаны жақсы болды қайта. Концерт жасайсың 80-90% билетті солар алады. Кино түсірсең залды солар толтырады. Зат сатсаң бірінші клиент те, тұрақты клиент те солар. Құтырған қатын бұл маркетологтың идеясы, блогердің контенті, продюсердің бюджеті, ең бастысы еркектің мотивациясы! Әр брендтің артында бір құтырған қатын, әр істің артында «айттым ғой саған» дейтін қатын тұр. Қатындар құтырмаса экономикамыз тұралап қалатындай екен", - деп жазды ол желідегі парақшасында.
Айта кетейік, ақын Бақыт Беделхан өзінің кезекті сұхбатында "қатындардың құтырған заманы болды" деп желіні шулатқан еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?