Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды

Маусым 20, 2025 - 17:17
Қайрат Боранбаевтың ағасы ұсталды
Фото: ҚР ҚМА

Бұл ақпаратты ҚР Қаржы мониторингі агенттігі хабарлады, деп жазады sadaq.kz. 

Мұрат Боранбаевқа қатысты іздеу жарияланғаны туралы ақпарат құқықтық статистика органдары порталында 2 жыл пайда болған еді. Іздестіретін орган ретінде Алматы қаласы бойынша Экономикалық тергеу департаменті көрсетілген.

БАҚ-та Мұрат Боранбаев кәсіпкер Қайрат Боранбаевтың ағасы екені айтылып жүр. Сонымен қатар, мемлекеттік сатып алулар сайтында Мұрат Боранбаев 2017 жылы AlanParking ЖШС басшысы болып тіркелгені туралы ақпарат бар.

Айта кетейік, ақылы паркингті май-шелпекке айналдырған A-Parking компаниясының экс-басшылары 2023 жылы сотталды. Сот үкімімен автотұрақ қызметін басқаратын "Алматы спецтехпаркинг сервис" директоры Марат Пірінбеков 5 жылға, ал сол серіктестікке қарайтын AlanParking компаниясының басшысы Мұхтар Базарбаев 6,5 жылға сотталды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow