«Қайрат» футболшылары грекиялық клубқа есе жіберді

Желтоқсан 9, 2025 - 22:30
 0  17
«Қайрат» футболшылары грекиялық клубқа есе жіберді
Фото: ФК

Алматылық «Қайрат» 0:1 есебімен «Олимпиакостан» жеңіліп қалды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Қазақстан мен Грецияның командалары арасындағы кездесу Чемпиондар лигасының жалпы кезеңіндегі алтыншы тур ойыны «Астана Аренада» өтті.

Қонақтар 1:0 есебімен жеңіске жетті. Ойынның жалғыз голын 73-минутта португалиялық шабуылшы Желсон Мартинс соқты. Қазақстан құрамасының қақпашысы Темірлан Анарбеков матч барысында алты сейв жасады.

Кездесу бойы алаң иелері қарсылас қақпасына небәрі бір рет қана дәл соққы бағыттады — ол қосымша уақытта тіркелді.

Команданың көшбасшыларының бірі Дастан Сәтпаев дисквалификацияға байланысты бұл матчқа қатыса алмады.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0