Қазақ әйелі тұңғыш рет ғарышқа ұшты

Қазан 9, 2025 - 09:43
Қазан 9, 2025 - 10:23
 0  226
Қазақ әйелі тұңғыш рет ғарышқа ұшты
Фото: instagram.com/blueorigin

Экс-депутат Гүлжан Қарағұсованың қызы, кәсіпкер Дана Қарағұсова американдық Blue Origin NS-36 миссиясы аясында New Shepard кемесімен суборбиталық ұшуды орындап, Қазақстаннан ғарышқа ұшқан алғашқы әйел атанды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Онымен бірге бортта бизнесмен Джефф Элгин, инженер Клинт Келли III, бірнеше стартаптардың негізін қалаушы Аарон Ньюман, украин кәсіпкері Виталий Островский және аты-жөнін жасырғысы келген тағы бір жолаушы бар.

Данна Қарағұсова осыған дейін ивент және дистрибуция саласында 25 жылдан аса еңбек еткен, Ол – медиа және ивент-холдинг First Media Group-тың негізін қалаушылардың бірі.

Бұл сапарға экипаж мүшелері 500 мың доллардай төледі. Видеодан көкке көтерілген сәттегі олардың қуанышты эмоциясын көруге болады.

Сапар 11 минутқа созылған. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Blue Origin (@blueorigin)

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0