Қазақ елі Асанәлі Әшімовты ақтық сапарға шығарып салды
Алматыда Асанәлі Әшімовті соңғы сапарға шығарып салу рәсімі өтіп жатыр, деп жазады sadaq.kz sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Халық әртісімен қоштасу Алматы опера және балет театрында өтуде.
Қоштасу рәсіміне Асанәлі Әшімовтың отбасы мен жақындары, мемлекет және қоғам қайраткерлері, қала тұрғындары қатысуда.
"Асанәлі Әшімов кино өнерін дамытуға атсалысып, өз өмірін соған арнады. Біртұтас буын қалыптастырды деп айтуға болады. Келесі жылы 90 жылдық мерейтойын бүкіл Қазақстанның мәдени мерекесіне айналдырамыз деген жоспар бар еді", - деп атап өтті қала әкімі Дархан Сатыбалды.
Белгілі кино және театр әртісі, режиссер, қазақ сахнасының абызы Асанәлі Әшімов 21 желтоқсан күні 88 жасында дүниеден өтті.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0