Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен 10 елдің қатарына кірді

Мамыр 20, 2025 - 09:58
Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен 10 елдің қатарына кірді
Фото: camonitor

Қазақстан ана өлімін айтарлықтай тез төмендеткен 10 елдің қатарына кірді. Бұл туралы Орнықты даму жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысында айтылды, деп хабарлайды үкіметтің баспасөз қызметі.

Экономикалық зерттеулер институтының басқарма төрағасы Әсел Сәрсенбаеваның айтуынша, азаматтық қоғам әлеуметтік саясаттың негізін нығайтты.

"Үкімет Орнықты даму мақсаты бойынша және жаһандық сын-тегеуріндерге жауап ретінде еңбек нарығының талабына сәйкес бизнесті қолдау мен кадр даярлау шарасын жүйелі түрде қабылдауда", — деп атап өтті Әсел Сәрсенбаева.

Оның айтуынша Қазақстан ана өлімін тез төмендеткен (ДДҰ бағалауы бойынша) он елдің қатарына кіреді. Гендерлік теңдік саласында мемлекет деңгейінде де, жеке секторда да ілгерілеу байқалады.

Онда ірі компаниялар гендерлік стратегиялар мен харассментке қарсы іс-қимыл саясатын енгізеді. Құқықтық мәдениеттің өсуі сот жүйесіне қойылатын жаңа талаптарға әкелуде.

Қоғам оны одан әрі жақсартуды күтеді. Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Орнықты даму мақсаттарының қағидаттарын енгізу бірінші кезекте халықтың өмір сүру сапасын арттыруға, үздік халықаралық стандарттарды қабылдауға бағытталғанын, бұл тұтастай алғанда елдің халықаралық аренадағы беделін нығайтуға ықпал ететінін атап өтті.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow