Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен босатылды

Наурыз 18, 2026 - 22:47
app_badging Наурыз 18, 2026 - 22:49
chat_bubble  0 visibility  1
Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен босатылды
Фото: kff.kz

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы қақпашысы Давид Лория Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы қызметінен босатылды, деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Бұл туралы шешім ұйымның атқарушы комитетінің отырысында қабылданған.
Отырыс нәтижесінде 11 атқарушы комитет мүшесінің алтауы Давид Лорияны қызметінен босатуға дауыс берген. Осылайша, бас хатшының өкілеттігін тоқтату туралы шешім ең аз көпшілік дауыспен қабылданған.

Айта кетейік, атқарушы комитет құрамына ҚФФ президенті Марат Омаров, сондай-ақ белгілі кәсіпкерлер Михаил Ломтадзе, Тимур Турлов, Қайрат Боранбаев, Қайрат Оразбеков және футбол саласынан бірнеше адам кіреді.

Бұл шешім Қазақстан футболы үшін өте маңызды, себебі ҚФФ жарғысына сәйкес федерацияның бас хатшысы көптеген мәселелерді қадағалайды және қол қою құқығына ие.

Давид Лория – Қазақстан ұлттық құрамасының бұрынғы ойыншысы, UEFA MIP бағдарламасының түлегі. Ол Қазақстан футбол федерациясының бас хатшысы лауазымына 2025 жылдың 2 сәуірінде тағайындалған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0