Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталды

Қаржылық мониторинг агенттігі Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты тергеу басталғанын мәлімдеді.
"БАҚ тарапынан келіп түскен сұрауларға байланысты, ҚМА Қазақстан футбол федерациясының бұрынғы басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастағанын растайды.
Барлық тергеу әрекеттері заңнама талаптарына сай жүргізілуде. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жарияланбайды", – делінген ҚМА таратқан ресми ақпаратта.
Агенттік заңға сәйкес сотқа дейінгі істің жай-жапсары жарияланбайтынын да ескертті.
Мекеме нақты адамның атын атамағанымен, кейбір ақпарат құралдары істегі негізгі адам – Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) бұрынғы басшысы Әділет Барменқұлов екенін жазып жатыр. Сондай-ақ кейбір телеграм-арналар Барменқұлов және федерацияның бұрынғы лауазымды адамдарын тінту жүріп жатыр деген ақпарат таратып үлгерді.
2024 жылдың қарашасында Қазақстан футбол федерациясы Әділет Барменқұловтың ҚФФ президенті қызметінен өз еркімен кеткен еді.
Сіздің реакцияңыз қандай?






