Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында медаль саны бойынша үздік бестікке енді

Қазан 4, 2026 - 12:28
chat_bubble  0 visibility  1
Қазақстан құрамасы 2026 жылғы Азия ойындарында медаль саны бойынша үздік бестікке енді
Фото: ҰОК

Жапонияның Айти-Нагоя аймағында өткен ХХ жазғы Азия ойындары аяқталды, деп хабарлайды sadaq.kz.

Жарыстың соңғы күні Қазақстан құрамасы жүлдесіз қалды. Нәтижесінде ұлттық құрама турнирді 84 медальмен аяқтады: 12 алтын, 24 күміс және 48 қола. Бұл нәтиже Қазақстан құрамасына жалпы есепте сегізінші орынды иеленуге мүмкіндік берді.

Сонымен қатар медальдардың жалпы саны бойынша команда Қытай, Жапония, Оңтүстік Корея және Үндістаннан кейінгі бесінші орынға тұрақтады.

Биылғы Азия ойындарында Инчхон-2014 нәтижесі қайталанды – жалпы 84 медаль, алайда ол кезде 28 алтын болған. Бұдан көп медаль Доха-2006 ойындарында ғана тіркелді – 85 медаль (23 алтын).

Айта кетейік, Қазақстан құрамасы қатарынан үш Азия ойынында жалпы есепте үздік бестікке ене алмай келеді. Джакарта-2018 ойындарында тоғызыншы, ал Ханчжоу-2022 додасында 11-орын алған болатын.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0