Қазақстан Mellstroy деген лақап атымен белгілі беларус блогеріне іздеу жариялады

Қараша 17, 2025 - 15:26
Қараша 17, 2025 - 15:56
Қазақстан Mellstroy деген лақап атымен белгілі беларус блогеріне іздеу жариялады
Фото: Instagram/mellstroy

Қазақстан билігі Беларусь азаматы, 26 жастағы Андрей Буримге іздеу жариялады.

Mellstroy деген лақап атымен белгілі блогер әрі инфлюенсер Андрей Бурим ТМД кеңістігінде "трэш-стример" ретінде танылған, бұл жанрдағы контент көбіне шок тудыратын, кейде шектен шығатын іс-әрекеттер барып жатады.

Оның Instagram, Twitch, YouTube сынды парақшаларына миллиондаған қолданушысы бар. Негізінен жастар жазылған.

Астана қаласы бойынша ҚМА департаментінің мәліметінше, Беларусь Республикасының азаматы, «Mellstroy» лақап атымен танымал блогер Бурим Андрей Александровичке  «қамауда ұстау» түріндегі бұлтартпау шарасы салынған.

Ол әлеуметтік желілер арқылы Қазақстан пайдаланушыларын да нысанаға алған онлайн-казино «Mellstroy.game» платформасын заңсыз ілгерілету мақсатында ауқымды жарнамалық науқан ұйымдастырды деген күдікке ілінуде.

Онлайн-казиноны жарнамалау үшін блогер әртүрлі ұтыс ойындары мен челлендждерді жариялаған.

Қатысушыларға TikTok, YouTube Shorts және басқа да әлеуметтік желілерде Mellstroy.game атауын, казино логотиптерін және сайт сілтемелерін көрсететін видеолар түсіру ұсынылған.

Бұған дейін Бурим Ресей Федерациясында тікелей эфир кезінде адамды ұрып-соққаны үшін жауапкершілікке тартылған.

Сонымен қатар, 2025 жылдың қараша айында Беларусь Республикасының Минск қалалық соты блогердің барлық платформалардағы арналары мен оның логотиптерін экстремистік материалдар деп таныды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow