Қазақстан Ресейден Амур жолбарыстарын әкелуге дайын

Қараша 13, 2025 - 15:54
Қазақстан Ресейден Амур жолбарыстарын әкелуге дайын
nature.kremlin.ru

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Мәскеуге мемлекеттік сапары кезінде жануарларды әкелу және бейімдеу жоспарына қол қойылды, деп хабарлады sadaq.kz.

Құжат жолбарыстарды тасымалдауға дайындауды және оларды Қазақстан аумағында бастапқы бейімдеуді көздейді.

Экологтар бұл сирек кездесетін түрлерді сақтау және жабайы табиғатты қорғау үшін маңызды қадам екенін атап өтті.

"Қазақстан Республикасының Экология және табиғи ресурстар министрлігі мен Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және экология министрлігі арасында Қазақстан Республикасына Ресей Федерациясынан Амур жолбарыстарын әкелуге дайындық және әкелінген жануарларды бастапқы бейімдеу бойынша бірлескен іс-шаралар жоспарына қол қойылды", – делінген Ақорданың ресми хабарламасында.

Бұған дейін 2026 жылдың бірінші жартысында Қазақстанға Ресейден 3-4 амур жолбарысы келетіні белгілі болған еді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow