Қазақстанда тұратын ұлттардың саны белгілі болды
Ұлттық статистика бюросы Қазақстан халқының бірлігі күні мейрамының қарсаңында елде тұратын түрлі ұлт өкілдерінің санын жарияляды.
2026 жылдың 1 наурызындағы жағдай бойынша Қазақстан халқының жалпы саны - 20 532 240 адамды құрап отыр.
Ұлттар бөлінісіндегі көрсеткіш мынандай:
1.Қазақтар – 14 664 202
2.Орыстар – 2 943 022
3.Өзбектер – 695 557
4.Украиндар – 367 547
5.Ұйғырлар – 309 164
6.Немістер – 222 890
7.Татарлар – 218 361
8.Әзербайжандар – 157 568
9.Кәрістер – 120 821
10.Түріктер – 93 234
11.Дүнгендер – 88 165
12.Беларустар – 73 788
13.Тәжіктер – 61 307
14.Күрділер – 52 077
15.Қырғыздар – 41 459 Айта кетсек, қазақтардың ең көп саны
Түркістан облысында – 1,6 млн, орыстардың жалпы санынан көпшілігі Алматы қаласында тұрады – 428 мың. Ал өзбектер Түркістан облысында – 404 мың адам, украиндар Қостанай облысында – 83 мың, 309 мың ұйғырдың басым бөлігі Алматы қаласында тұрады – 124 мың адам.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0