Қазақстанның мұнай және алтын қоры қанша жылға жетеді
Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі Геология комитеті төрағасының міндетін атқарушы Қанат Ерубаев Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Қазақстанның пайдалы қазбалар қоры туралы айтты, деп хабарлайды sadaq.kz nur.kz-ке сілтеме жасап.
"Шамамен айтқанда, мемлекет тізілімінде 4 млрд тоннадан астам мұнай қоры бар. Қазіргі өндіріс қарқынымен бұл қор шамамен 50 жылға жетеді. Алтын қорына келсек, ұмытпасам, мемлекеттік тізілімде 2,3 мың тонна болған. Қазіргі өндіріс қарқынымен бұл қор бізге 37 жылға жетеді", - деді Қанат Ерубаев.
Сонымен қатар, оның айтуынша, геологиялық барлау жұмыстары жүргізіліп, аталған қорлар толықтырылып жатыр.
Айта кетейік, бұған дейін энергетика министрі Ерлан Аккенженов мәжіліс кулуарында көмір кені қанша жылға жететінін мәлім еткен болатын.
Оның сөзіне сенсек, көмірдің қорының көлемі – 33,6 млрд тонна, ал жылына елімізде 120 млн тонна көмір өндіріледі.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0