«Қазақтелекомға» қатысты тергеу басталды

Тамыз 22, 2025 - 17:06
«Қазақтелекомға» қатысты тергеу басталды
Фото: Pixabay.com

Ұлттық байланыс операторына интернет тарифтерін негізсіз қымбаттатты деген айып тағылып отыр, деп жазады sadaq.kz.

Бұл ақпаратты Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі таратты.  

Агенттік мәліметінше, 2024 жылы "Қазақтелекомның" 100, 200 және 500 Мбит/с жылдамдықтағы тарифтері 20%-ға дейін өскен. Мамандар баламалы провайдерлердің көпқабатты тұрғын үйлерге кіре алуында кедергілер барын анықтады. Бұл жағдай нарықтағы бәсекелестікті тежейді. Сонымен қатар, өзге операторлар кабель-канализациялық желілерге қосылуда қиындықтарға тап болуда. Олар техникалық шарттар үшін ақы төлеуге мәжбүр, бірақ қолданыстағы заңда мұндай төлем қарастырылмаған.

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің араласуымен бірқатар кедергі алынып тасталды. Мәселен, радиожиіліктерді бөлуге қатысу үшін міндетті түрде өз байланыс желілеріне ие болу талабы құжаттардан алынды.

"Байланыс туралы" заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес, енді виртуалды операторлар ресми түрде жұмыс істей алады және өзге компаниялардың желілерін жалға алуға құқылы.

Реттеуші орган мобильді байланыс нарығында да тарифтердің негізсіз өсу қаупін байқап отыр. Қазіргі таңда бір ұялы байланыс операторының үстінен жеке тергеу бастау мәселесі қаралуда.

Бұған дейін Жамбыл облысында "Қазақтелекомның" "Сервис фабрикасы" филиалының басшылары ұсталған еді. Тергеу мәліметінше, олар Тараздағы әкімшілік ғимаратты төмен бағамен сатып, мемлекетке 450 млн теңгеден астам шығын келтірген.

Қазір күдіктілер қамауда, олардың мүлкі тәркіленді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow