«Тұрсынбек бекер ғашық болмапты»: Айманның ат үстіндегі өнері көпшілікті ғашық етті(ВИДЕО)
Танымал әзілкеш Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі жылқыға мінген бейнежазбасын жариялап, көпшіліктің назарын аударды, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Әлеуметтік желіде жарияланған видеода Айман ат үстінде еркін шауып, халықты таң қалдырды.
«Жылқы жайлы көп айтасың дегендерге…Жылқы тани білгеннің қай жері жаман? Мүше, Жілік ажырата алсаң керемет емес пе? Үйіңе келген қонағыңа не ұсынарыңды білгенің жақсы емес пе? Аттың үстінде шабу да үлкен Өнер мен ерлік...»,– деп жазды ол.
Желі қолданушылары болса, «Қазақи қалмыңыздан айырылмаңыз», «Қазақтың қайсар қызы», «Табиғи сұлу екен», «Басына кәмшат бөрік жарасып тұр», «Айман бәрімізге ұнап келе жатыр»,«Тұрсынбек бекер ғашық болмапты», – деп жылы сөздерін жазып, Айманның түрлі қырынан танылып жатқанын аңғарды.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0