«Қазақтың қыздары еркектің қадірін біледі»: түрік жігіті отандастарын қазақтан қыз алуға үндеді

Мамыр 23, 2025 - 15:41
Мамыр 23, 2025 - 15:53
«Қазақтың қыздары еркектің қадірін біледі»: түрік жігіті отандастарын қазақтан қыз алуға үндеді

ТикТок әлеуметтік желісінде түркиялық азамат Musti әр күн тікелей эфирде түрік еркектерін Орта Азиялық қыз-келіншектермен таныстыруды бастады деп жазады Democrat.kz.

Юнус бұл әрекетін былай деп түсіндіреді.

“Біздің түрік әйелдері ашкөз, ешқашан шүкіршілікті білмейтін, күйеуін тек ақша табушы, асыраушы, үй шаруасын реттеуші ретінде көреді. Бұл аздай, 80-90 пайыз түрік әйелдерінің өз күйеуіне көңілі толмайды және еркектерді өздерінен өте төмен көреді. Түрік әйелінің көңілін табам деп өмірі сорлылықпен өтіп жатқан миллиондаған еркек бар бізде. Ең болмаса, соларға бір жәрдемім тисе, қалған өмірлерін бақытты өткізсе деген ниетім бар. Мыңдаған танысым бар қазақ қызына үйленген. Солардың 99 пайызы өте бақытты отбасы. Себебі қазақтың қыздары еркектің қадірін біледі. Бүгінге дейін 30-40 шақты түрік жігітін қазақ, қырғыз, өзбек, түрікмен қыздарымен таныстырдым. Араларында үйленгендері де бар”, – дейді Musti.

Ол мұнан бөлек, көптеген проблемалар туралы да сөз етті. Онымен болған сұхбатымызды алдағы күндері назарларыңызға ұсынамыз.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow