Келер жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі

Желтоқсан 23, 2025 - 14:24
Желтоқсан 23, 2025 - 14:45
 0  2
Келер жылы зейнетақы мен жәрдемақы өседі
Фото: ғаламтордан

Премьер-министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Серік Жұманғарин Үкіметте өткен брифингте 2026 жылы зейнетақы мен әлеуметтік төлемдер 10 пайызға өсетінін айтты, деп хабарлайды BAQ.KZ.
Мәлімдеуінше, бұл мақсатқа бюджеттен 636 млрд теңге қарастырылған.

Журналистердің сұрағына жауап берген вице-премьер Үкімет саясатының басты басымдығы қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқатын арттыру екенін атап өтті.

2025 жылы әлеуметтік бюджет көлемі шамамен 6 трлн теңге болды. Ал келесі жылға біз 6,8 трлн теңге көлемінде әлеуметтік бюджет қарастырып отырмыз. Бұл – биылғы жылмен салыстырғанда 887 млрд теңгеге артық. Бұл қандай қаражат? Зейнетақылар мен жәрдемақылар 10 пайызға ұлғаяды (салыстыру үшін: 2025 жылы өсім 8,5 пайыз болған). 2026 жылғы бюджетте тек зейнетақы мен жәрдемақыны арттырудың өзіне 636 млрд теңге қарастырылған, – деді Серік Жұманғарин.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0