Хакер: «Ата-анамның қауіпсіздігі үшін істі тоқтатуға дайынмын»(ФОТО)

Қаңтар 8, 2026 - 16:50
Қаңтар 8, 2026 - 16:52
 0  22
Хакер: «Ата-анамның қауіпсіздігі үшін істі тоқтатуға  дайынмын»(ФОТО)
Фото: Видеодан скрин

Атырау облысы Полиция департаменті Жангелдинде жоғалып кеткен отбасыға қатысты іздеу деректерін келтіріп, әлеуметтік желіде қызу талқыға түскен "хакерге" қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды sadaq.kz. 

Полицияның мәліметінше, жоғалған адамдардың орналасқан жерін, қаржы аударымын өз бетінше анықтағаны, SIM карталарды талдағаны туралы ақпарат шындыққа сәйкес келмейді. Хакерге бұған дейін алаяқтық бойынша төрт қылмыстық іс қозғалып, іздеу жарияланған. Қазір тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

«Шын мәнінде көрсетілген барлық мәліметті әлеуметтік желілерде жарияланбас бұрын заңды оперативтік-іздестіру және тергеу іс-шаралары аясында ішкі істер органдарының бөлімшелері анықтаған. Кейін ресми ориентировка түрінде рәсімделген. Аталған тұлға жаңа мәліметтер алмаған және өздігінен техникалық талдау жүргізбеген. Оның таратқан мәліметтері ресми ориентировкалармен толық сәйкес келеді және ол оларды ресми ақпарат жарияланғаннан кейін көшіріп алған», – деп хабарлады полиция

Ал, Нұрланның әлеуметтік желіде жариялаған жазбасында 2025 жылдың сәуір айында  ұсталып, қарыз алушылар жиналып оған бірігіп арыз жазғаны айтылған. Қазір оның Қазақстаннан кеткеніне 10 ай уақыт өткен. Дегенмен, бұл іс қараусыз  қалып, видеоны жариялағаннан кейін ғана алаяқтық іс бойынша  іздестіру жұмыстары басталып жатыр. Ол бұл қадамға көмектесу мақсатында барғанын айтып, ата-анасы үшін қатты  алаңдайтынын жеткізді. Нұрлан ата-анасының қауіпсіздігі үшін бұл істі түбегейлі тоқтатуға дайын. Құзырлы органдардың жұмысына мүлде күмәнмен қарамағанын және ешқандай базадан алмағанын айтты.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0