«Хас сұлу»: Тұрсын Алагөзов Баян Мақсатқызының сирек суреттерін жариялады(ФОТО)
Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында жұбайы, белгілі продюсер Баян Мақсатқызының жастық шағындағы мұрағаттық суреттерін жариялады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл жазба бірден оқырмандардың назарына ілігіп, желіде қызу талқыланды.
Жарияланған фотосуреттерде Баян Мақсатқызының табиғи сұлулығы, ерекше көзқарасы мен сол кездегі сән үлгісі айқын көрінеді. Кәсіпкер суреттердің астына жазба қалдырмаса да, жарына деген шексіз құрметін оқырмандар байқады.
Желі қолданушылары продюсердің жас кезінде де, қазір де өзінің сымбатын жоғалтпағанын айтып, таңданыстарын жасырмады.
«Қандай сұлу», «Сұлулықтың символы», «Табиғи сұлулық деп осыны айт», «Хас сұлудың өзі», «Жұптарыңыз жазылмасын», «Сұлулығына сөз жоқ», «Бақытты болыңыздар»,– деп жазды көпшілік.
Айта кетейік, Баян Мақсатқызы 1993 жылы шыққан «Махаббат бекеті» фильмі арқылы қалың көрерменге танылып, сол уақыттың сұлулық символына айналған еді. Тұрсын Алагөзов жариялаған суреттер сол бір ностальгиялық кезеңді еске түсіріп, көпшіліктің ықыласына бөленді.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0