Хиджабтың орнына декольте: «мешітте бір түндік неке ұсынды» деп шулатқан блогер кеудесі ашық образымен елдің сынына қалды

Желтоқсан 29, 2025 - 16:35
Желтоқсан 29, 2025 - 16:38
 0  15
Хиджабтың орнына декольте: «мешітте бір түндік неке ұсынды» деп шулатқан блогер кеудесі ашық образымен елдің сынына қалды
Фото: ғаламтордан

Ақтөбедегі мешітте болған оқиғадан кейін танымал болған блогер Эммануэлла Наурызбаева өңірі тым ашық (декольтесі бар) көйлекпен түскен фотосын жариялап, әлеуметтік желілерде қызу пікірталас тудырды,  деп хабарлайды Sadaq.kz. 

Суретте блогер батыл образда түсіп, жазбаға мынадай сипаттама қалдырған:

«Сұлулық – қорқынышты күш. Әсіресе, сен сондай болып туған болсаң».

Тағы оқыңыз: «Бір түндік неке ұсынды»: Мешітте қысымға ұшыраған блогер де хиджабын шешті (ВИДЕО)

Пікірлерде оқырмандардың көзқарасы екіге жарылды:

«Хиджабты шешу – қалыпты жағдай, бәрі болады. Бірақ хиджабты сонша жыл тағып жүріп, кейін шешіп, бір айдан соң осылай киіну… Демек, хиджаб сіз үшін ешқашан маңызды болмаған, тек мәжбүр болғансыз… Басқа сөз жоқ»,«Ақыры өзіңіздің негізгі бет-бейнеңізді аштыңыз», «Шыны керек, бұл өте оғаш: алдымен хиджабта, ал қазір міне осылай. Бұл әдемі емес», «Интриганка. Мешіттегі қойылым үшін саған қанша төледі?»,«Жазылушылар үшін бұлай киінбеңіз».

Тағы оқыңыз: «Бай іздеп жүр»: Рүстем Жүгінісов «мешітте сақалды біреу бірреттік некеге тұруды ұсынды» деген қыздың өзін кінәлады

Алайда кейбір жазылушылар блогерді қорғап шықты:

«Бірнеше күннен бері осы қыздың жазбаларының астындағы қорлайтын пікірлерді көріп жүрмін. Бір нәрсені түсіне алмаймын: оны кінәлі санайтындар, өздеріңіз мінсізсіздер ме? Неге оның жеке өміріне араласасыздар?», - деп жазды олар.

Бұған дейін Эммануэлла шашын жайып түскен видеосын жариялап, сырт келбетінде өзгерістер болатынын хабарлаған еді. Бұл да қоғамда белсенді талқылауға себеп болды.

Блогер алғаш рет жазда «Нұрғасыр» мешітінде болған оқиғадан кейін көпшіліктің назарын өзіне аударды. Сол кезде бейтаныс ер адам оған интимдік қарым-қатынас үшін «бір реттік неке (никах)» ұсынған. Эммануэлла полицияға жүгініп, құқық бұзушы ұсталып, бес тәулікке қамауға алынған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0