«Бір түндік неке ұсынды»: Мешітте қысымға ұшыраған блогер де хиджабын шешті (ВИДЕО)

Қараша 28, 2025 - 17:28
Қараша 28, 2025 - 17:30
«Бір түндік неке ұсынды»: Мешітте қысымға ұшыраған блогер де хиджабын шешті (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин

Қазақстандық танымал блогер Эммануэлла Наурызбаева орамалын шешкенін жария етті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Бұған дейін Ақтөбедегі мешіттердің бірінде белгісіз ер адам "бір түндік неке ұсынды" деп желіні шулатқан ол жеке парақшасында шашын жаңа түске бояғанын көрсетіп, видеосын бөлісті.

Блогердің орамалсыз шыққанын байқаған желі қолданушылары түрлі пікір қалдырып жатыр.

«Өкінішті, орамалмен өте жарасымды едіңіз», «Бұлай болатынын сезіп едім», «Алла тура жол көрсетсін», «Оқырман жинап алып, орамалын шешу блогерлер үшін әдетке айналды», – деген пікірлер жиі кездеседі.

Кейбірі: «Біз сынай алмаймыз, бәрін Алла біледі. Бірақ еске салу маңызды. Өте өкінішті… Алла оны дұрыс жолға салсын. Мен тіпті оны болашақта хафиз болады деп ойлаған едім. Әрине, таңдауды өзі жасайды. Эммануэллаға тілегім – Алла жүрегін кеңейтіп, иманын күшейтсін», – деп жазған.

Ал басқа қолданушылар блогердің образына сүйсініп: «Керемет жарасып тұр», «Орамал кейде адамды жасынан үлкен көрсетеді, енді жасарып кетіпсіз», «Өте сұлу екенсіз», «Сынамайық, әркім өз ісіне өзі жауапты», – деп пікір білдіруде.

Оқырмандардың бірі оның орамалды денсаулығына байланысты шешкенін айтты:

«Ол бұл жайлы бұған дейін түсіндірген. Эпилепсиясы бар болғандықтан, басын қатты байлап жүруге болмайды. Орамалды бос байлап көрген, бірақ ыңғайсыз болған сияқты», – деп жазды.

Блогерді қолдап, түсіністік танытып жатқандар да аз емес.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Emmanuella Nauryzbaeva (@emmanuellanauryzbaeva)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow