«Бай іздеп жүр»: Рүстем Жүгінісов «мешітте сақалды біреу бірреттік некеге тұруды ұсынды» деген қыздың өзін кінәлады

Шілде 29, 2025 - 16:28
Шілде 29, 2025 - 17:39
«Бай іздеп жүр»: Рүстем Жүгінісов «мешітте сақалды біреу бірреттік некеге тұруды ұсынды» деген қыздың өзін кінәлады
Коллаж: sn.kz


Бұған дейін Ақтөбеде қаласындағы «Нұр Ғасыр» мешітінде белгісіз біреу бойжеткенге ерсі әңгіме айтып тиіскені туралы жазған едік. Видео авторы Эммануэлла Наурызбаева есімді бойжеткенің айтуынша, мешіт ішінде сақалды ер адам оған «бір реттік неке» ұсынып, жыныстық қатынасқа шақырған. Бұл әрекетті ол ұялы телефоны арқылы видеоға түсіріп үлгерген,-деп хабарлайды sadaq.kz.

Эммануэлланың бұл мәлімдемесі әлеуметтік желілер мен ақпарат құралдарында кеңінен тарап, халық арасында үлкен резонанс тудырды. Аталған оқиға дін мен гендерлік құқықтар, мешіттегі әйелдердің қауіпсіздігі мәселелеріне қатысты пікір-таласқа ұласты.

Оқиғаға байланысты кейбір азаматтар бойжеткеннің әрекетін сынға алды. Олардың арасында өнер өкілдері де бар. Ағайынды Жүгінісовтердің үлкені Рүстем Жүгінісов өзінің видеоүндеуінде әйел адамның мешітке баруын құптамайтынын білдіріп, ойын айтты.

«Әйелдің мешіті оның үйі. Ер адамдар мешітте намаз оқығаны дұрыс болса, әйелдерге үйде оқығаны абзал. Өздеріңізден де бар»,- деді ол видеожазбада.

Сондай-ақ, ол мешітке барған қыздар жайлы теріс пікірлер айтып, Эммануэлланы «бай іздеп жүр» деп айыптады.

«Мешітке барған қыздарды бай іздеп жүр деп ойлайды. Қарындасымыздың былай-былай шығып жүргені дұрыс емес», - деп пікір білдірді.

Ал қоғам белсенділерінің бірі Жарқын Мырзатай да Эммануэлланың әрекетін айыптап, оны «Ислам дініне кір келтірді» деп бағалады. Ол бойжеткенді дінге қарсы әрекет жасады деп сынға алды.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow