Хромтау қаласының әкімі қамауға алынды
Ақтөбе облысында Хромтау қаласының әкімі Cағындық Шабықбаев пара алды деген айыппен ұсталды. Шенді сот санкциясымен екі айға қамауға алынды.
Қазіргі уақытта ол уақытша ұстау изоляторында отыр.
Ақтөбе облысы сотының баспасөз қызметі Қылмыстық кодекстің 366-бабы «пара алу» айыбы бойынша тергеу жүріп жатқан іске қатысты санкция берілгенін растады.
Бейресми деректерге сәйкес, әкімнің жемқорлық әрекеті мердігер компаниямен арадағы келісімге байланысты болған.
Сіздің реакцияңыз қандай?