Қыдырәлі Болманов Тұрсынбек пен Мөлдір жайлы не ойлайтынын айтты (ВИДЕО)

Қараша 27, 2025 - 17:32
Қыдырәлі Болманов Тұрсынбек пен Мөлдір жайлы не ойлайтынын айтты (ВИДЕО)
Фото: видеодан скрин, коллаж: ozgeris.info

Танымал әнші Қыдырәлі Болманов әлеуметтік желідегі парақшасында жаңа жазба жариялап, Мөлдір Мұқанның алғашқы фильмі туралы пікірін бөлісті, деп хабарлайды sadaq.kz.

Өнер иесі Мөлдірдің "Шәй в большом городе" атты жаңа туындысын көріп қайтқанын айтып, оған ақ тілегін жеткізді.

"Кеше Мөлдір ханымның ең алғашқы фильмін көріп, құтты болсын айтып, ақ тілегімізді арнап қайттық. Тұрсынбекті дара дарын ретінде өте құрметтеймін. Мөлдір болса – өзімнің туған қарындасымдай болып кеткен жан. Қай кезде барсақ та, ақ дастарханын жайып, кең жүрегімен аппақ ниетін төгіп тұратын осындай қарындасты қалай жақсы көрмейсің?.. "Шәй в большом городе" фильмін тамашаладық. Мөлдірдің тырнақалды туындысы өте сәтті шыққан. Кейіпкерлердің қалағаны орындалып, фильм жылы әсермен, көңілге қонымды, өкінішсіз аяқталады. Құрметті оқырман, отандық киноны қолдайық! Аллаға шүкір, өз киноиндустриямыз жыл өткен сайын дамып, өркендеп келеді. Аллаға сансыз мадақ болсын!" – деп жазды Қыдырәлі Болманов.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Кыдырали Болманов (@kydyrali_bolman)

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow