«Қиын жағдайға қалдырған»: Қазақстандық төрешінің Михайл Шайдоровқа қойған бағасы талқыға түсті
Италияда өткен қысқы Олимпиада ойындарында қазақстандық мәнерлеп сырғанаушыларға қатысты төрешілер шешімі қоғамда қызу талқыға түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Желіде тараған мәліметке сәйкес, қазақстандық төреші Надежда Парецкая ерлер арасындағы жарыста Михайл Шайдоровтың қысқа бағдарламадағы өнерін 7-орынға бағалап, спортшыны қиын жағдайға қалдырған. Нәтижесінде Шайдоров жалпы есепте 5-орыннан кейін үлкен тәуекелге барып, еркін бағдарламада бірден 5 секіріс орындауға мәжбүр болған.
Сондай-ақ төреші қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкинаның бағасын төмендеткені айтылуда. Ал ресейлік спортшы Аделия Петросян құлау мен айқын қателіктерге жол бергеніне қарамастан, одан жоғары – 10 балл алғаны сынға ұшырады.
Осы жағдайдан кейін қоғамда «неге Олимпиадаға төреші ретінде Қазақстанның төрт дүркін чемпионы, 2019 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері Элизабет Тұрсынбаева жіберілмеді?» деген сұрақ туындады.
Сондай-ақ желі қолданушылары Ұлттық олимпиада комитетінің басшысы Геннадий Головкинге де сауал жолдап, Надежда Парецкаяның кандидатурасын кім ұсынғанын және оның бағалауының әділдігіне қатысты күмән бар екенін жеткізді.
Қазіргі уақытта бұл жағдай әлеуметтік желілерде қызу талқыланып, қазақстандық жанкүйерлер әділ төрешілік мәселесін көтеруде.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
1
Қайғылы
0
Жарайсың
0