Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу процесін бастады

Тамыз 4, 2026 - 10:39
chat_bubble  0 visibility  9
Қырғызстан мен Өзбекстан аумақ алмасу процесін бастады
Фото: pexels.com

Өзбекстаннан Қырғызстанға екі елді мекенді ресми түрде беру бойынша ұйымдастыру-техникалық жұмыстардың басталғаны белгілі болды, деп хабарлайды 24.kg сайтына сілтеме жасаған sadaq.kz.

Басылымның Қырғызстан президентінің Баткен облысындағы өкілдігіне сілтеме жасап жазуынша, бұған дейін Өзбекстанның Ферғана облысының құрамында болған Чон-Гара және Таш-Добо ауылдарын ресми түрде беру жұмыстары екі ел арасындағы мемлекеттік шекараны демаркациялау және жер учаскелерін алмасу жөніндегі келісімдер аясында жүргізіліп жатыр.

Шілде айында екі елдің бірлескен жұмыс комиссиясының кезекті отырысында берілетін аумақтар тұрғындарының азаматтық мәртебесі, қоныс аудару, мүлік, шаруашылық қызмет және басқа да ұйымдастыру мәселелері талқыланған. Ал кеше, 3 тамызда, бірлескен жұмыс тобы тікелей ауылдарда жұмысын бастаған.

Мамандар тұрғындарды тіркеп, құжаттарды ары қарай рәсімдеу тәртібін түсіндіріп жатыр.

Басылымың мәліметінше, Чон-Гара және Таш-Добо ауылдарында негізінен этникалық қырғыздар тұрады. Алдын ала мәліметтер бойынша, екі елді мекендегі халық саны – 2,5 мың адам.

Тіркеу аяқталғаннан кейін заңға сәйкес тұрғындарға Қырғызстан азаматтығын беру рәсімі басталады.

Айта кетейік, ауылдардың орнына қырғыз тарапы Өзбекстанға аумағы дәл сондай жер учаскелерін береді.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0