Қырғызстанда ҰҚК төрағасының экс-орынбасары қамауға алынды

Сәуір 13, 2026 - 11:46
app_badging Сәуір 13, 2026 - 11:46
chat_bubble  0 visibility  1
Қырғызстанда ҰҚК төрағасының экс-орынбасары қамауға алынды

Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитеті (ҰҚМК) төрағасының бұрынғы орынбасары Даниэль Рысалиев ұсталды, деп хабарлайды Sadaq.kz.

12 сәуірде ол Бішкек қаласындағы ІІМ Бас тергеу басқармасына жауап алуға шақырылып, кейіннен қамауға алынды.

Алдын ала мәліметтер бойынша, Рысалиев пен басқа да айыпталушылар сыбайлас жемқорлық жасады деп күдікке ілінген. Тағылған айыптардың егжей-тегжейі мен тергеудің мән-жайы ресми түрде жарияланған жоқ. Тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. 

Айта кетейік, Рысалиев ҰҚМК төрағасының орынбасары қызметін комитетті Қамшыбек Ташиев басқарып тұрған кезеңде атқарған.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 0
Ұнамады Ұнамады 0
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 0
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 0
Жарайсың Жарайсың 0