Қырғызстанда жиналыс үстінде бірден 24 шенеунік тұтқындалды

Қырзызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінде өткен жиналыс кезінде 24 шенеуніктің қолына кісен салынды, деп хабарлады sadaq.kz.
Кейіннен ұсталғандардың жетеуі салық қызметкері, 6 шекарашы, 7 фитосанитарлық бақылау маманы және көлік министрлігінің 4 қызметкері екені белгілі болды.
Оларға Чу облысындағы Қазақстанмен шектес "Чалдовар-Автожол" өткізу бекетінде контрабандаға қатысы бар деген айып тағылған.
"Қылмысқа Чалдовар ауылының жергілікті депутаты және Өзбекстан азаматы да тартылған. Олар ЕАЭО елдерінен жалған құжаттармен тауарларды заңсыз әкелу үшін жалған компания тіркеді. Бұл адамдар контрабанданы жасыру үшін "М-Банк" интернет-әмияндары және қолма-қол ақша арқылы аталған мемлекеттік органдардың қызметкерлеріне үнемі пара түрінде ақша беріп отырған", – деп атап өтті Ұлттық қауіпсіздік комитеті.
Сіздің реакцияңыз қандай?






