Кісі өлтірді деп айыпталған Мұратхан Тоқмәдиге кешірім жасалатын болды
Ол осыдан екі жыл бұрын Тоқаевқа ашық хат жолдап, өзінің кінәсіз екенін және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің адамдары қылмысын мойындауға мәжбүрлегенін айтқан болатын.
Кісі өлтіру ісі бойынша сотталған кәсіпкер Мұратхан Тоқмәдидің бостандыққа шығатыны айтылды. Сот оның мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтінішін қанағаттандырды, деп хабарлады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.
«Қонаев қалалық сотының 2024 жылғы 26 шілдедегі шешімімен М.Тоқмәдидің мерзімінен бұрын шартты түрде босату туралы өтініші қанағаттандырылды», - деп хабарлады жұма күні Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі.
Еске салайық, 2004 жылы 19 желтоқсанда белгілі банкир Ержан Тәтішев өлтірілген болатын. Бұл жағдайға кәсіпкер Мұрахан Тоқмәди кінәлі деп танылып, 10,5 жылға сотталды. Ол қылмыс жасады деп танылып, ал оған тапсырыс беруші ретінде Францияда жасырынып жүрген бұрынғы банкир Мұхтар Әблязовтің есімі аталған еді.
2022 жылғы 9 наурызда Тоқмәди президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа ашық хат жолдап, онда ол өзінің кінәсіз екенін және Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы төрағасы Кәрім Мәсімовтің адамдары оны мойындауға мәжбүрлегенін айтқан болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?