«Қытайдың «Қазақстанды 15 күнде басып алу» туралы әскери жоспары бар» - саясаттанушы

Маусым 27, 2025 - 15:47
«Қытайдың «Қазақстанды 15 күнде басып алу» туралы әскери жоспары бар» - саясаттанушы

Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуы үлкен қателік болды.Бұл туралы саясаттанушы Уәлихан Қайсар SADAQ MEDIA ютуб-арнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлады sadaq.kz ақпарат порталы.

Қайсар мырзаның пікірінше, ядролық қарусыз Қазақстан ірі державалардың, әсіресе Қытай мен Ресейдің ықтимал агрессиясына қарсы тұра алмайды.

«Ядролық қарудан бас тарту Қазақстанды әскери жағынан осал етіп жіберді. Қазақстанның ядролық қарудан бас тартуына сол кездегі басшылар кінәлі. Бұл шыны керек, мемлекетке жасалған опасыздық болды. Үлкен қылмыс еді. Өкінішке қарай ядролық қаруды қайтару мүмкіндігі жоқ», - дейді ол.

Сондай-ақ ол өз сұқбатында елдің әскери әлеуеті жауынгерлер санына емес, технологиялық артықшылыққа, әсіресе қару-жарақ, зымырандар, ұшақтар және жасанды интеллектке негізделген. Мәселен 1991 жылғы АҚШ Ирактың 250 мың әскері мен миллиондық резервін жаяу әскерсіз-ақ, технологиялық басымдықпен талқандай салды. «Бұл қазіргі соғыстың экономика мен әскери технологияларға тәуелді екенін көрсетеді. Сол секілді Қазақстанның қауіпсіздігі де экономикалық әлеуеті мен заманауи қару-жарағына байланысты», - дейді ол.

Сұхбат барысында саясаттанушы Қытайды уақытша серіктес, ал Ресейді мәжбүрлі серіктес деп атайды. Ол Қытайдың экономикалық ықпалының артып келе жатқанын мойындайды, бірақ олардың әскери амбицияларынан қауіп барын жасырмады. Оның айтуынша, Қытайдың «Қазақстанды 15 күнде басып алу» туралы әскери концепциясы бар.

«Бұл әскери концепцияда Қазақстанды артық күшсіз яғни күн сайын миллион солдаттың «тұтқынға берілуі» арқылы елді әлсірету көзделген. Өз еркімен он бес күнде 15 миллион өз еркімен тұтқынға түседі. Он бес миллион «тұтқынды» асырай алмаймыз. Бұл оқ шығармай-ақ жаулап алу деген сөз. Яғни жалғыз-ақ күнде ассимиляцияға түсеміз деген сөз. Бұл әрине гипотетикалық сценарий болғанымен, Қазақстанның әскери әлеуеті мен қорғаныс қабілетін күшейту қажеттілігіне назар аударады. Өкінішке қарай, біздің мұндай қауіпке төтеп беру мүмкіндігіміз аз болып отыр», - дейді ол.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow