Қызылордада мезозой дәуірінің динозаврының қалдықтары табылды

Қазақстанда палеонтологиялық кешендер өте аз

Қазан 10, 2025 - 11:17
Қазан 10, 2025 - 11:20
Қызылордада мезозой дәуірінің динозаврының қалдықтары табылды
Фото: istockphoto.com

Қызылорда облысында Қармақшы ауданының орталығынан солтүстікке қарай 90 шақырым жерде орналасқан Шах-Шах шатқалынан ежелгі жануардың қалдықтары табылды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy 

Алдын ала деректерге сүйенсек, табылған сүйектер мезозой дәуірінің бор кезеңінде өмір сүрген динозаврға тиесілі.

Ерекше олжа қазір ғалымдардың қолына өтті және ол ғылыми ортада үлкен қызығушылық тудырды. Палеонтологтар мұндай жәдігерлердің Қазақстан аумағында өте сирек кездесетінін атап өтті.

«Қазақстанда палеонтологиялық кешендер өте аз. Сондықтан табылған әрбір жәдігер өте құнды. Қазір олжаны палеонтологтар зерттеп жатыр. Шах-Шах шатқалы болашақта туристік нысанға айналуы тиіс. Бұл сөзсіз әлем ғалымдарының қызығушылығын арттырады», – деді облыстық тарихи-өлкетану музейінің ғылыми хатшысы Асхат Сайлау.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow