«Қызым әкесін көргісі келмейді»: Карина Мамаш қазіргі жағдайы туралы айтып, сұхбат берді
Бұрынғы дипломат Сәкен Мамаштың бұрынғы жұбайы Карина Мамаш сұхбат беріп, қазіргі жағдайы жайлы айтты, деп хабарлайды sadaq.kz.
«Балаларым әкелерімен кездескеннен кейін «Әкелеріңмен бірге уақыт өткізгілерің келе ме?» деп сұрадым. Қызым «Жоқ» деп кесіп айтты. Ал ұлым әкесі қандай болса да әкесіне тартылып тұр. Ұл балаға әке керек. Ұлым он, қызым сегіз жаста. Күйеуім қазір тек алимент төлеп жүр. Сот мүлікті, нақтырақ айтқанда пәтерді бөлісу туралы шешім шығарды. Бірақ Сәкен апелляциялық шағым берген. Қазір соны күтіп отырмыз. Апелляция екі ай қаралады. Әпкеме қол көтеруіне байланысты сот аяқталды. Сот әпкемді жәбірленуші деп танып, 500 мың теңге көлемінде моральдық шығын өндірді. Өзім қазір кризис орталығынан әріптесімнің пәтеріне көштім. Көркем гимнастика мектебінде тренер болып жұмыс істеп жүрмін. Жұмысымды жақсы көремін. Қосымша модель ретінде жобаларға түсемін. Қазіргі ең басты мақсатым – ұлымның отасына ақша жинау», - дейді Карина Мамаш.
Сіздің реакцияңыз қандай?