Көкшетауда марафонында 35 жастағы әйел көз жұмды

Тамыз 25, 2025 - 09:58
Көкшетауда марафонында 35 жастағы әйел көз жұмды
Фото: Ақмола облысының ІСБ

Көкшетауда өткен "Көкшетау оттары" жартылай марафоны қайғылы жағдаймен аяқталды. 35 жастағы әйел бес шақырымдық қашықтықты еңсергеннен кейін өзін жайсыз сезініп, жедел түрде ауруханаға жеткізілгенімен, дәрігерлер оның өмірін сақтап қала алмады, деп хабарлайды Sadaq.kz.

Ақмола облысы дене шынықтыру және спорт басқармасының хабарлауынша, оқиға 23 тамыз күні кешкі сағат 21:50-де Сағдиев пен Жағалау көшелерінің қиылысында болған. Қатысушыға алғашқы көмекті жарысқа тартылған медицина қызметкерлері көрсеткен.

Кейіннен жедел жәрдем дәрігерлері де реанимациялық шараларды жалғастырған. Дегенмен, 24 тамыз таңғы 05:45-те оның биологиялық өлімі тіркелді.

Қайтыс болу себебі сот-медициналық сараптама нәтижесінде анықталады. Ұйымдастырушылардың айтуынша, марафонға қатысушылар жарысқа тіркелу кезінде өз денсаулығына жауапты екендігі туралы қолхат береді.

Жарыс күні бірнеше нүктеде медициналық бекеттер жұмыс істеген. Қазіргі таңда Ақмола облыстық полиция департаменті бұл факті бойынша қылмыстық іс қозғап, тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Сіздің реакцияңыз қандай?

like

dislike

love

funny

angry

sad

wow