Комсомольск-на-Амуреде қытайлық жұмысшылар жаппай көтеріліске шықты
Жексенбі күні таңертең Комсомольск-на-Амуре көшелерінде жүзден астам қытайлық жұмысшылар шеруге шықты, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Олар қолдарына қытай және орыс тілдерінде жазылған, Путин мен «Роснефть» басшысы Игорь Сечиннен көмек сұраған плакаттар ұстап шыққан.
Наразылық ереуілін мұнай зауытының жанындағы құрылыс қалашығында орналасқан «Петро-Хэхуа» компаниясының қызметкерлері ұйымдастырған. Жұмысшылардың жаппай көтеріліске шығуына – жалақының төленбеуі себеп болған.
Жұмысшылармен кездесуге қала басшысы Дмитрий Заплутаев шыққан.
«Қаладағы кәсіпорындардың бірінде еңбекақы бойынша берешек туындауына байланысты прокуратура еңбек заңнамасының сақталуына тексеру ұйымдастырды. Оқиға орнына қала прокуроры Андрей Ольгин барды»,— делінген хабарламада.
Айта кетейік, Комсомольск-на-Амуредегі қытайлық жұмысшылар бұған дейін де, 2021 жылдың қарашасында жалақының берілмеуіне байланысты осыған ұқсас наразылық акциясын өткізген болатын.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0