Қонаев қоры Дінмұхамед Ахметұлының есімі қойылған университетті сотқа берді

Тамыз 12, 2026 - 16:00
 0  15
Қонаев қоры Дінмұхамед Ахметұлының есімі қойылған университетті сотқа берді
фото: әлеуметтік желіден

Алматыда орналасқан Қонаев университетін «Қонаев атындағы халықаралық қор» ҚҚ сотқа берді.

Бұл туралы қоғамдық қор Facebook желісіндегі парақшасында мәлімдеді.

«Д.А.Қонаев атындағы халықаралық қор» қоғамдық қоры Дінмұхамед Қонаев есімін пайдалану бойынша құқықтарды қорғау туралы талап арызбен сотқа жүгінді. Талап арыздың талаптарының бірі — «Қонаев университеті» ЖШС-нің фирмалық атауынан «Қонаев» атауын алып тастау, сондай-ақ құқық иеленушінің келісімінсіз оны пайдалануды тоқтату, — делінген ресми мәлімдемеде. 

Қор Дінмұхамед Ахметұлының есімін және өздеріне тиесілі құқықтарды тек құқықтық алаңда қорғайтынын және және Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес жүзеге асырылатынын атап өтті.

Айта кетейік, Қонаев университетінің ресми сайтында көрсетілген мәлімет бойынша оқу орнының негізі 1993 жылы қаланған.

Автор
Шығарушы редактор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0