Қонаевта қашқын сарбаздар қамауға алынды

Сот отырысы қызметтестерінің қатысуымен өтті.

Шілде 22, 2024 - 14:50
chat_bubble  0 visibility  66
Қонаевта қашқын сарбаздар қамауға алынды

Қонаев қаласының мамандандырылған әкімшілік құқықбұзушылықтар жөніндегі ауданаралық сотында басшының бұйрығына бағынбаған екі сарбазға қатысты әкімшілік іс қаралды, деп хабарлайды Sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

«Іс құжаттарына сәйкес, биыл 8 шілдеде аталған азаматтар күн тәртібі бойынша бекітілген жоспарды бұзбау жөніндегі аға сержанттың ауызша бұйрығын елеместен, сол күні кешке шамамен сағат 20:00-де әскери бөлімшенің аумағынан қосалқы есік арқылы ескертусіз шығып, Алатау қаласына қашып кеткен. Сот қаулысымен Н. және М. ҚР ӘҚБтК-нің 652-бабы 6-бөлігі бойынша әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамауға алынды», – делінген сот хабарламасында.

Әскери бөлімде осындай құқықбұзушылықтардың алдын алу мақсатында сот отырысы сарбаздардың қызметтестерінің қатысуымен өтті. Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 0
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 0
😮 Жарайсың 0