«Концертке қатыспағандар»: Балжан Бидаш пен Мөлдір Әуелбекова бірге көзге түсті
Белгілі продюсер Баян Алагөзованың даулы мәлімдемесінен кейін Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидаш бірге көзге түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Мөлдір Әуелбекова жеке парақшасында Балжан Бидашпен бірге түскен суретін жариялап, "Әдемі қыздар", – деп жазған.
Айта кетейік, бұған дейін Баян Алагөзова "Кешью" тобы туралы деректі фильмде Балжан Бидаш пен Мөлдір Әуелбекованың сырт келбетіне қатысты пікір білдірген болатын.
Бұл жолы қос әнші Балжан Бидаштың жаңа альбомының таныстырылымында бірге бой көрсетті. "Кешью" тобының 20 жылдық мерейтойлық концертіне қатыспаған Мөлдір Әуелбекова мен Балжан Бидашты бірге көрген желі қолданушылары түрлі пікір қалдырды.
"Концертке қатыспаған екеу", "Қос құрбы", "Ұстаздың шәкірттері десеңізші", "Баянның жаулары ма, бәрің жиналып қалыпсыңдар ғой", – деп жазды олар.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0