Көптен көрінбей кеткен Дариға Назарбаева көптің көзіне түсті
Қазақстанның бұрынғы президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы Дариға Назарбаева Астана мен Алматы арасындағы жолаушылар рейсінде көзге түсті, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Бұл туралы әлеуметтік желіге белгілі блогер Әлішер Елікбаев жазды.
Блогердің айтуынша, ол Назарбаеваны Астана – Алматы бағыты бойынша тұрақты рейсте, бизнес-класста көрген.
"Оны тұрақты рейстермен ұшпайды деп ойлайтынмын. Ұшақ көтеріле салысымен ұйықтап кеттім, қонарда оянсам, жанымдағы орындықта Дариға Нұрсұлтанқызы ұшып келе жатыр екен", – деп жазды ол.
Блогер сондай-ақ Назарбаеваның жанында оққағардың еріп жүргенін айтқан.
“Оққағардың бойы менімен бірдей, бірақ екі есе үлкен екен”, – деп сипаттады оны Елікбаев.
Блогердің жазбасының астында оқырмандар өз пікірлерін қалдырыпты.
" Бұлар да ақшасын үнемдей бастаған", "Егер ол өз ұшағымен ұшса, онда бәрі оны жеке борт жерге қонған кезде бірден байқаған болар еді, сондықтан көзге түспей, көптің арасында көрінбей жетіп алайын деген ғой", "Үнемдеуге кіріскен-ау", "Егер "Джеттамен" ұшуды қойса, қарапайым адамдар қалай күн көрмек? Мұны депутаттарға көрсету керек", “Екі апта бұрын кіші қызы Әлия да Алматы-Дубай Air Astana рейсімен ұшқан болатын. Адамдардың көпшілігі әдеттегі рейспен ұшқанына таң қалып жатты", "Ол пойызбен де жүреді", – деп жазды желі пайдаланушылары.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0