«Қорыққаннан тез-тез алдық»: Әнші Ерке Есмахан жер үй сатып алғанын айтты

Алла түрлі табиғи апаттан сақтасын.

Наурыз 5, 2024 - 13:00
Наурыз 5, 2024 - 15:04
 0  437
«Қорыққаннан тез-тез алдық»: Әнші Ерке Есмахан жер үй сатып алғанын айтты
Фото: instagram.com/erke_esmahan

Танымал әнші Ерке Есмахан отбасындағы қуанышты хабармен бөлісті, деп жазады sadaqmedia.kz ақпарат порталы.

Әнші біраздан бері жер үй алуды ойлап жүргенін бұған дейін де жазған еді. Енді өнер иесінің күйеуі Райм өздері қалаған жер үйді тауып, сатып алғанын айтты.

"Сүйінші! Жер үйлі болдық. Күйеуім көптен іздегенін тапты. Бүгін жер сілкінгеннен кейін соң ес жиып, қорыққаннан тез-тез барып, келісім шартқа қол қойып келдік. Енді салынып біткенін күтеміз. Алла түрлі табиғи апаттан сақтасын", - деп жазды Ерке Есмахан.

Сіздің реакцияңыз қандай?

Ұнады Ұнады 1
Ұнамады Ұнамады 1
Керемет Керемет 0
Күлкілі Күлкілі 1
Сұмдық Сұмдық 0
Қайғылы Қайғылы 1
Жарайсың Жарайсың 2