«Көрші үйдің дәретханасына түсіп кеткен»: Сарыағашта жоғалған үш жасар қыздың денесі табылды

Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік.

Мамыр 19, 2024 - 10:31
 0  454
«Көрші үйдің дәретханасына түсіп кеткен»: Сарыағашта жоғалған үш жасар қыздың денесі табылды
Фото: Instagram\Гүлмира Абықай

Сарыағашта осыдан үш күн бұрын жоғалып кеткен 3 жасар Асылымның денесі 18 мамыр күні түнде сағат 22:50 шамасында көршісінің әжетханасынан табылды.

«3 күн іздеген 3 жасар періштенің денесі өлі табылды. Қарама-қарсы көрші үйдің әжетханасына түсіп кетіпті. Бүкіл ел уайымдап, дін-аман табылуына тілекші болып едік. Әттең ғажайып болмады. Аяғы шыққан, бірақ ес білмейтін балаларыңызды көзден таса қалдырмаңызшы, Халайық», — деп жазды журналист Гүлмира Абықай Instagram парақшасына.

Қазір оқиғаның қалай болғанын қазір полиция анықтап жатыр. Баланың денесіне медициналық сараптама жасалады.

Автор
Жарияланды:
Барлық материалдары

Сіздің реакцияңыз қандай?

👍 Ұнады 0
👎 Ұнамады 0
😍 Керемет 0
😂 Күлкілі 1
😡 Сұмдық 0
😢 Қайғылы 5
😮 Жарайсың 0