«Көшіріп баса берген»: Зерттеуші Санжар Керімбайға ренішін білдірді
Әлеуметтік желіде зерттеуші Гүлсім Оразалықызының жазушы Санжар Керімбайдың Нұртас Оңдасынов туралы кітабына қатысты реніші қызу талқыланып жатыр, деп хабарлайды Sadaq.kz.
Зерттеуші Санжар Керімбайдың «Нұртас және елге қызмет» кітабында өзінің еңбектеріндегі деректер пайдаланылғанын айтып, кітапта тың зерттеу материалдары жоқ екенін алға тартты.
«Жақында Санжар Керімбайдың «Нұртас және елге қызмет» кітабы қолыма тиді. Оқып болғаннан кейін біраз ренішке қалдым. Өйткені оның ішінде ешқандай жаңалық жоқ. Архивтен тауып, құжаттарды сөйлету де жоқ. Барлығы менің кітаптарымнан: «анау айтты, мынау айтты, Құбашев айтты, Мұқашев айтты» деп көшіріп баса берген. Мен осыған қатты ренжідім. Одан кейін – жылу жинау. Қазақстан үкіметін он үш жыл ең қиын кезде басқарған Нұртас Оңдасынов үшін жылу жинау – ұяттың ұяты. Мен отыз жыл өмірімді арнап, Мәскеудің, Атыраудың, Қазақстан мемлекеттік архивтерінде жылдап отырып жинаған кітаптарымнан көшіріп басып, оны елге тарату, ақша жинау – ұяттың ұяты», – деді Гүлсім Оразалықызы.
Жазушы Санжар Керімбай бұл сын-пікірге қатысты өз жауабын берді.
«Дауласуға, жанжалдасуға ешқандай да объективті себеп жоқ. Бәрі норма. Авторлар академиялық әділдіктен аттамаған. Дереккөздері мен дерек жеткізуші кісілердің атын атап, еңбегін бағалап жазған. Еш нәрсеге алаңдамай, Нұртас жайлы кітапты сатып алып, рахаттанып оқи беріңіздер», – деді Санжар Керімбай.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
1
Жарайсың
0