Қостанай облысы әкімінің орынбасары ұсталды
Қостанай облысы әкімінің орынбасары Гүлбарам Мұсағазинаны Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Cыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі ұстады деген хабар тарады, деп хабарлайды Sadaq.kz.
HALYQSTAN арнасының мәлімдеуінше, Мұсағазина Гүлбарам Ғизатқызы 11 ақпан күні кешке тергеуге шақырылғаннан кейін ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалған.
«Қазіргі уақытта Мұсағазина жұмыс орнында жоқ және Астанаға жиынға барған облыс делегациясының құрамына да қосылмаған. Бұл жағдай өңірдегі денсаулық сақтау саласында болған шулы іспен байланысты болуы мүмкін. Бұған дейін медициналық құрылғыларды тым қымбат бағамен сатып алып, бюджетке 2 миллиард теңгеден астам шығын келтірді деген күдікпен облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Данияр Жандаев пен оның орынбасары Ерболат Доспанов және Қарасу аудандық ауруханасының бас дәрігері Владимир Голубев қамауға алынған еді», – деп жазды арна.
Еске салайық, 2025 жылдың соңында Гүлбарам Мұсағазина осы жемқорлық ісіне қатысы бар деп айыптаған блогер Николай Гиньятовты сотқа беріп, жеңіп шыққан болатын. Әзірге әкімдіктің ресми сайтында оның профилі өзгеріссіз тұр.
Сіздің реакцияңыз қандай?
Ұнады
0
Ұнамады
0
Керемет
0
Күлкілі
0
Сұмдық
0
Қайғылы
0
Жарайсың
0